Ақмола облысында 65 жастағы әйел асырап алған екі жасар баласын өлтірді деген күдікке ілінді
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды
Щучье қаласында 65 жастағы әйел асырап алған екі жасар баланы өлтірді деп күдікке ілінді, хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Полиция күдіктіні ұстағанын растады. Тергеушілердің айтуынша, зейнеткер бүлдіршінді өлтіріп, кейін үйінің ауласына көмген. Сондай-ақ, оның қамқорлығында тағы төрт бала болған.
Полицейлер баланың өлімі туралы мүлдем кездейсоқ білген. Өткен аптада соққыға жығылған бес жасар бала балалар ауруханасына жеткізілді. Оған бас сүйек-ми жарақаты, басының артқы жағындағы гематома диагнозы қойылған әрі миы шайқалған.
Асырап алушы асығып, туу туралы куәлікті араластырып алған болса керек, содан кейін полиция бұл отбасына баруды ұйғарады. Дәл сол кезде туу туралы куәліктің иесі 4 жыл бұрын қайтыс болғанын анықтаған. Оның денесі бақшаға жерленген.
Қазір тергеушілер кісі өлтіру мен ұрып-соғуға 30 жастағы әйелдің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл отбасында балалар үйінің жетім балалары патронаттық тәрбиеге, қорғаншылыққа немесе асырап алуға алынған. Аталған жағдайға қатысты арнайы тексеріс басталды.
«Баланың денесі табылған соң қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін 2018 жылғы баланың мерт болғаны анықталған, алайда тиісті мемлекеттік органдарға өлім және жерлеу фактісі туралы хабарланбаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық және бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақтияр Өтекин.