$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2024, 17:42
Қоғам

AMANAT: Жетісуда «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі өтті

Жарыс «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен 

AMANAT: Жетісуда «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі өтті
Фото: партияның баспасөз қызметі

Жетісу облысында балалар арасында «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзивті спорт фестивалі өтті. Жарыс «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметі.

Іс-шараның өтуіне партия жанындағы «Әйелдер қанаты», облыстық басқармалар, ҚХА, кәсіпкерлер қауымдастығы қолдау көрсетті. Сайысқа ерекше күтімді қажет ететін мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың спорттық өнерін насихаттау арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу.

Өз кезегінде Жетісу облысы «Бочча» федерациясының президенті Гүлнар Қожағұлқызы жігерлі өрендерге сәттілік тіледі.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл мақсатта кедергісіз аймаққа айналған түрлі әлеуметтік, психологиялық шаралардың аясы кеңейіп келеді. Біздің мақсат – мүмкіндігі шектеулі балалардың спортқа деген бейімділігін арттырып, денсаулықтарын жақсарту, дене қозғалыстарын жетілдіру және дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға жағдай жасау», – деді ол.

Жетісу аумағын тұтас қамтыған іс-шараға үш бағыт бойынша 72 үміткер қатысты, оның 18 мүмкіндігі шектеулі балалар.

Сайыстың қорытындысы бойынша қатысушылардың 45-і жүлделі орындарды иеленіп, 18 бала ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Бірінші орынға ие болған жеңімпаз команда республикалық фестивальге жолдама алды.

 

Серіктес жаңалықтары