30.04.2024, 17:48
Қоғам
Ақтөбеде алаяқтық жасаған депутат сотталды
Сот үкімі күшіне енген жоқ
Фото: Istockphoto
Ақтөбе қаласының соты екі рет алаяқтық жасап, миллиондаған ақшаны қалтасына басқан мәслихат депутатына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Соттың деректеріне сәйкес, депутат 2020 жылы өзінің шаруа қожалығына 1200 бас ірі қара мал сатып алатынын айтып, Аграрлық несие корпорациясы арқылы 390 млн теңге алған. Бірақ қаражатты жеке мақсатына жұмсаған.
2021-2022 жылдары «Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына» жалған өтінім беріп, жоқ малын бордақылауға 67 млн теңге субсидия алған.
Депутат 6 жылға сотталды. Сонымен бірге, ол 10 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымын атқару құқығынан айырылды.
Үкім күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті