29.04.2024, 21:38
Қоғам
«Қоғамдық орында балағат сөз айтқан»: Қайрат Нұртас жауапқа тартылды
Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды
Фото: instagram.com/kair_n
Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған белгілі әнші Қайрат Нұртас жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео әлеуметтік желіге жүктелген. Онда әншінің сахнада өнер көрсетіп жатқаны көрінеді. Тыңдармандармен тілдесу барысында әншінің балағат сөз қолданғаны да анық естіледі.
ІІМ хабарлауынша, ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
