$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2024, 21:31
Қоғам

Атырау облысында өрттен қаза тапқан балалардың анасы да көз жұмды

Қасақана өрт қойған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Атырау облысында өрттен қаза тапқан балалардың анасы да көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Атырау облысында пәтерде шыққан өрттен 10 және 7 жастағы балалар қайтыс болған еді. Балалардың анасы аурухана төсегінде жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 25 сәуірде сағат 6:00 шамасында Атырау облысының Индер ауданындағы бес қабатты үйде болған. Екінші қабаттағы пәтерден өрт шығып, өрт сөндірушілер жатын бөлмесінде 10 және 7 жастағы екі баланың денесін тапты. Балалардың анасы мен 1994 жылы туған ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Олар ес-түссіз болды.

Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 26 сәуірде сағат 3:30-да жансақтау бөлімінде жатқан балалардың анасы да қайтыс болды. Оның денесінің 90-95 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады.

Ал 1994жылы туған ер адам Индер аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады.

Ал үйге қасақана өрт қойып, балалардың өліміне себепкер болған күдікті сол күні ұсталды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары