$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенеді

Мемлекет басшысы бұл ойын ҚХА сессиясының бүгінгі отырысында мәлім етті

Тоқаев қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенеді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қазақстан тіл мәселесіне келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуы керек. Бұл туралы бүгін Ассамблеяның кезекті сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, «қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды».

«Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Қазақстанда да солай. Біз осы аса шетін мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет. Бірақ бұл біздің мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударатынымызды жоққа шығармайды. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін.
 Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз. Мемлекет олардың түрлі жетістіктеріне, соның ішінде саяси сипаттағы табыстарына да назар аударады және оларды барынша қолдайды. Бүгін осындай бірқатар азаматқа марапат тапсырылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары