«Алматы – бақ қала»: мегаполисте жаңа алма бақтары пайда болады

27 сәуір күні шаһарда жаппай алма ағаштары егіледі

«Алматы – бақ қала»: мегаполисте жаңа алма бақтары пайда болады
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы – бақ қала» акциясы аясында осы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, алма ағаштары егіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Науқан аясында 7705 жасыл желек, оның ішінде 4015 жеміс (3855 алма ағашы) және 1090 жапырақты ағаш, 2600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.) егілмек.

«Алматы - бақ қала» жалпықалалық акциясына қатысуға Алматының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады. Акция барысында шығармашылық байқаулар (таңертеңгілік жаттығу, би флешмобы, йога, викторина, шеберлік дәрісі және т.б.) өткізу көзделген.

Көшет егу жоспарланған негізгі орындар: 

  • Үлкен Алматы көлі бойындағы көшенің солтүстігінде, Жаңа Сайын көшесінің шығысында орналасқан саябақ аумағында 500 жеміс ағашы (алма ағашы – 250 дана, өрік – 250 дана);
  • «ALA» саябағының аумағында 2 270 алма көшеті;
  • Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000 жапырақты ағаш.

Аудан әкімдіктері алма аллеяларын құрып, ағаш пен бұта егеді. Соның ішінде 1 245 алма ағашы, 90 жапырақты ағаш пен 2 600 бұта егілмек. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.