$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары түрмеге қамалды

Залал сомасы шамамен 10 млн теңгені құрады

Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары түрмеге қамалды
Фото: istockphoto.com

Көкшетауда «Eolus» қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«И» және «X» азаматтары жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, «Eolus» қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, «energyeolus.info» платформасына аударылды. Залал сомасы шамамен 10 млн теңгені құрады.

Сотта мемлекеттік айыптаушы бірбеткейлікті ұстана отырып, жасаған қылмыс бойынша сотталушылардын кінәсін, және де мүліктің жасалған қылмыс нәтижесінде пайда болуын дәлелдеген.

«Сот үкімімен «И» және «X» азаматтары кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген хабарламада.

Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады. «Baiqa, piramida!» ботының жеделхаттары арқылы компанияны қаржылық пирамида белгілеріне тексеруге болады.

Серіктес жаңалықтары