22.04.2024, 12:01
Қоғам
Өскеменде зейнеткер газ бен тежегішті шатастырып алған: үш көлікке зақым келді
72 жастағы қарияға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
видеодан скриншот
Өскеменде 72 жастағы қария көліктің тежегіші мен газ педалін шатастырып алып, 2 машинаны соққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Yk-news-ке сілтеме жасай отырып.
Оқиға 20 сәуір күні түстен кейін Қазақстан көшесінде болған.
ШҚО полициясының хабарлауынша, қария Infinity QX80 көлігін жүргізіп келе жатып, тежегіш пен газ педалін шатастырып алған. Осылайша Toyota Land Cruiser Prado көлігіне соққан, ол көлік алдында тұрған Nissan X-Trail көлігіне барып соғылады.
Полиция Infiniti QX80 жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады