22.04.2024, 09:40
Қоғам
Денсаулық сақтау саласына еңбегі сіңген дәрігерлерге жаңа атақ беріледі
Заң медицина қызметкерлерін қолдау үшін қабылданған
Фото: freepik
Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, заң медицина қызметкерлерін қолдау үшін қабылданған. Түзетулер лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және олардың қоғамдағы маңызды рөлін тануға бағытталған.
Заңға сәйкес:
- Медицина қызметкерлерінің тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда өз балалары үшін басым тәртіппен орын алуға құқығы бар. Медицина қызметкерлері заңсыз араласудан және кәсіби қызметке кедергі келтіруден қорғалуға құқылы.
- Еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін көрнекті медицина қызметкерлері үшін алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы енгізілді.
- Медицина қызметкерлері артық есептілік пен ақпарат беруден босатылады.
- Заң кем дегенде 5 жыл мерзімге ауылдық жерге жұмысқа келген медицина қызметкерлері, аса тапшы мамандықтар үшін ең төменгі жалақының жүз еселенген мөлшерінде біржолғы төлемдерді көздейді.
- Заң шегілмейтін темекі бұйымдарын, вейптерді, оларға арналған хош иістер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға және жарнамалауға тыйым салады. Бұл халықтың арасында жаман әдеттердің таралуына қарсы күрестегі маңызды қадам.
Тақырыпқа орай: «9 млн теңге, жаңа атақ және сақтандыру»: Асхат Аймағамбетов заң аясында дәрігерлерді қорғайтын тетіктерді атады
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды