21.04.2024, 06:30
Қоғам
Атырауда су тасқынын пайдаланып, әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Күдікті өз кінәсін толық мойындады
43 жастағы қала тұрғыны су тасқынына қарсы бөгет салу жұмыстарына топырақ әкелетін КамАЗ жүк көлігіне жанармай алу үшін алаяққа 100 мың теңге көлемінде ақша аударып алданған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақжайық сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының Кибер қылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында алаяқтық әрекетіне барған 33 жастағы күдіктіні ұстады.
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындады, оған қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды