15.04.2024, 16:23
Қоғам
Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады
Мамырда елімізде бірқатар мереке тойланады
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев
«Ашық НҚА» порталында Еңбек министрінің мамырдағы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құжат бойынша демалыс күнін 4 мамыр сенбіден 8 мамыр, сәрсенбіге ауыстыру көзделген.
Құжат қабылданса, ел тұрғындары үш күн қатарынан демалады. Яғни, 7 мамыр (Отан қорғаушылар күні), 8 және 9 мамыр (Жеңіс күні) күндері демалыс болып жарияланбақ.
5 күндік жұмыстағыларға:
- 1 мамыр – демалыс;
- 2, 3, 4 мамыр – жұмыс;
- 5 мамыр – демалыс;
- 6 мамыр – жұмыс;
- 7, 8, 9 мамыр – демалыс;
- 10 – жұмыс;
- 11 және 12 мамыр – күнтізбелік демалыс болады.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
15.08.2026, 08:24
Түркістан облысының тұрғыны сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасын алды
15.08.2026, 10:00
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады