$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2024, 06:06
Қоғам

Қостанай облысында үшем дүниеге келді

Қала әкімі отбасы мен жаңа туған нәрестелерге облыс орталығындағы жаңа пәтердің кілтін табыс етті

Қостанай облысында үшем дүниеге келді
Фото: ДСМ

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем салтанатты түрде шығарылды. Абдрахмановтардың отбасында Айару, Ардан және Арлан есімді екі ұл мен қыз дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Мен дәрігерлерге өте ризамын. Мен 5 бала туғаныма қарамастан, бұл жүктілік ерекше болды. Маған бүкіл жүктілік кезеңінде қолдау көрсетілді.  Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлерінің адалдығы мен адамгершілігі мәңгі есімде қалады. Дәрігерлер, мейіргерлер мен санитарлар сіздерге басымды иемін. Сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңыз баға жетпес», --деді үшемнің анасы Ақшагүл Әбдірахманова.

Соңғы 6 жылдың ішінде бұл Қостанайдағы алғашқы үшем, бұл қала өміріндегі сирек кездесетін қуанышты оқиға.

Осындай отбасының толығуы құрметіне қала әкімі отбасы мен жаңа туған нәрестелерге облыс орталығындағы жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

Серіктес жаңалықтары