$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұған дейін де VIP-залда жанжал болған»: BAU мейрамханасының әкімшісі сотта жауап берді

Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр

«Бұған дейін де VIP-залда жанжал болған»: BAU мейрамханасының әкімшісі сотта жауап берді
видеодан скриншот

Бүгінгі сот отырысында BAU мейрамханасының әкімшісі болған Қарлығаш Алмағамбетовадан да сотта жауап алынды. Ол Нүкенова қайтыс болған күні мейрамханада көрген-білгенін айтып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Прокурор Саяхат Нұрбеков куәгер Қарлығаш Алмағамбетовадан мейрамханада кісі өлімі болған күні кіммен сөйлескенін, не істегенін сұрады.

«Маған Байжанов «Бишімбаев пен әйелі жалаңаш күйінде ұйықтап жатыр» деп жазды. Сосын мен Салтанатқа өз киімдерімді алып келейін дедім. Мен киімдерімді алып келіп, Байжановқа бердім. Бірақ, біздерге VIP-залға кіруге рұқсат бермеді. Барлық қызметкерлер №2 вип-залда отырдық. Сосын бізге «қайтыңдар, бүгін жұмыс болмайды» деген соң, үйлерімізге қайттық», - деді Қарлығаш Алмағамбетова.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Алмағанова куәгерден «Еден бояған жұмысшымен әңгіме барысында сіз Бишімбаев туралы «ол әбден мезі етті...» деп жазғансыз. Басшыңызға қатысты мұндай сөзді неліктен қолдандыңыз?» деп сұрады.

«Себебі, бұған дейін де дәл сол №1 вип-залда Бишімбаев пен әйелі арасында жанжал болған. Ол кезде сол залдағы барлық мүлік, жиһаз бен ыдыстар сынған», - деп жауап берді мейрамхана әкімшісі.

Ал прокурордың «Осы жанжалдан соң Нүкенованы көрдіңіз бе?» деген сұрағына куәгер «жоқ, ол ұзақ уақыт бойы келмеді» деп жауап берді.

Серіктес жаңалықтары