$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2024, 15:53
Қоғам

Сенаторлар әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңды қарайды

Заң жобасы 11 сәуір күні өтетін сенат отырысында қаралады

Сенаторлар әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңды қарайды
Фото: senate.parlam.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында  11 сәуірде өтетін отырыстың күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күн тәртібіне сай, бейсенбі күні депутаттар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды және оған ілеспе «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бірінші оқылымда қарайды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін тиісті заңдар әзірленді. Сенаторлар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын күшейтуді қолдайды. Заңдардың қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, оларды бейсенбідегі Палата отырысына шығаруды көздеп отырмыз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бұл заңдар отбасылық-тұрмыстық және қоғамдық салаларды қоса алғанда, зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдату бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әзірленген.

Серіктес жаңалықтары