$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зимбабведе құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды

Бұл төтенше жағдай жариялған Оңтүстік Африканың үшінші елі болып отыр

Зимбабведе құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды
Фото: Синьхуа

БҰҰ аймақта төтенше жағдай жариялған Зимбабведен кейін оңтүстік-шығыс Африкадағы құрғақшылықтың салдары туралы алаңдай бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы Зимбабве де Эль-Ниньо құбылысынан зардап шеккен Замбия мен Малавиге қатарына қосылғанын мәлімдеді.

Синьхуа хабарлағандай, Зимбабведе құрғақшылыққа салдарынан 2,7 миллионнан астам адамға азық-түлік жетпей отыр. Алайда Үкімет пен гуманитарлық серіктестер құрғақшылықтан келетін көп шығынды болдырмауға арналған бағдарламаларға қаражат құйып жатыр.

«Елдегі гуманитарлық қауымдастық су көздерінің жетпеуі мен сарқылуы жұқпалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін деп алаңдап отыр. БҰҰ және оның серіктестері Зимбабведегі адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті көмек көлемін арттыруға дайын, бірақ оған қарадат керек», - деді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің өкілі Стефан Дюжаррик.

Оның айтуынша, Зимбабведе құрғақшылыққа байланысты гуманитарлық көмек көрсутуге шақыру жақын арада басталады.

Серіктес жаңалықтары