$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2024, 22:12
Қоғам

Маңғыстауда ер адам әйелін балаларының көзінше ұрған

Құқық бұзушы анықталып, күдікті Мұнайлы ауданының полиция бөліміне жеткізілді

Маңғыстауда ер адам әйелін балаларының көзінше ұрған
Фото: Azattyq Rýhy

Әлеуметтік желіде әйелін соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады. Полицияның мәліметінше, аталған оқиға кеше, 7 сәуірде Маңғыстау ауылында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода әйелдің жанында баласы ойнап жүргенін көруге болады. Ер адам әйеліне жақындап келіп, иығынан жұдырығымен түйіп жібереді. Содан кейін оны жағасынан ұстап, жұлқылай бастайды. Әйел шатқаяқтап, жерге құлап түседі.

«Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы ауданының полиция бөліміне жеткізілді», – деді аймақ полициясы «Лада» басылымына.

Ведомствоның мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық қатынастар шеңберіндегі құқыққа қайшы әрекеттер бойынша материалдар жинастырылып, сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары