$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.04.2024, 07:45
Қоғам

Заңсыз төлем алып отырған: «Павлодар-Водоканал» ЖШС 6 млн теңге айыппұл арқалады

Компания кәсіпкерлерден (абоненттерден) құрылыс жобасын келісуді де талап еткен

Заңсыз төлем алып отырған: «Павлодар-Водоканал» ЖШС 6 млн теңге айыппұл арқалады
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысының прокуратурасы «Павлодар-Водоканал» ЖШС-ын тексеріп, өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Монополист кәсіпкерлерді суды ағызу, сумен жабдықтау желілеріне қосқаны үшін 60 мың теңгеге дейін негізсіз төлем алып отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания жаңадан қосылатын әлеуетті және қызметті пайдаланып отырған кәсіпкерлерден (абоненттерден) құрылыс жобасын келісуді де талап еткен.

«Павлодар облысының прокуратурасы «Павлодар-Водоканал» ЖШС қызметінде тұтынушылардың реттелетін қызметке қол жеткізуін шектейтін табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы өрескел бұзушылықтарды анықтады. Олардан суды ағызып, сумен жабдықтау желілеріне қосқаны үшін 60 мың теңгеге дейін негізсіз төлем алынған. Монополисте 137 мың абонент тіркелген, оның ішінде жеке тұлғалар – 133 мың, бюджеттік ұйымдар және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер шамамен 4 мың. Қадағалау актісі бойынша ЖШС-ның заңсыз қызметінің жолы кесіліп, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергі жойылды, сумен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Монополист Әкімшілік құзық бұзу туралы кодекстің 164-бабы 4-бөлігі (табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша жауапкершілікке тартылып, 6 млн теңге айыппұл арқалады.

Серіктес жаңалықтары