$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жапониядағы ең қарт адам 111 жасында өмірден өтті

Накамура 1911 жылы 11 қаңтарда Жапонияның батыс ауданындағы Зинсекикоген ауылында дүниеге келген

Жапониядағы ең қарт адам 111 жасында өмірден өтті
Фото: Kyodonews

Шигеру Накамура 111 жасында Хиросима ауданындағы қарттар үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Накамура 1911 жылы 11 қаңтарда Жапонияның батыс ауданындағы Зинсекикоген ауылында дүниеге келген. Ол көптеген жылдар бойы құрылыс жұмыстарымен айналысқан. Накамура БАҚ-қа берген соңғы сұхбатында ұзақ өмір сүруінің сыры – адамдарға деген сүйіспеншілігі екенін айтқан және  өзі туған таулы аймақта жол құрылысында жұмыс істеген кезін «ең бақытты кездерім» деп еске алған.

Гиннестің рекордтар кітабына биылғы мамыр айында әлемдегі ең қарт адам ретінде 113 жастағы венесуэлалық Хуан Висенте Перес тіркелген. Ол 1909 жылы 27 мамырда дүниеге келген.

Серіктес жаңалықтары