$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Павлодар облысында жемқорлар 117 млн теңгені жымқырған

Ұрланған қаражат толығымен мемлекетке қайтарылып, істер сотқа жіберілді

Биыл Павлодар облысында жемқорлар 117 млн теңгені жымқырған
Фото: freepik.com

2024 жылдың басынан бері Павлодар облысында жемқорлық пен парақорлықтың 30-ға жуық фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Медет Әміралинов мәлім етті. 

«Осы жылдың бірінші тоқсанында департамент 28 қылмыстың бетін ашты. Оның ішінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша – 10, парақорлық фактілері бойынша 15 қылмыс тіркелді. Аталған жағдайлар бойынша қылмыскерлер 117 миллион теңгені жымқырған. Жемқорлық бойынша 18 адам күдікке ілінді, – дейді Медет Әміралинов. 

Оның ішінде «Ертіс орманы» резерватының басшысы да істі болды. Бұдан бөлек аталмыш резерватта бес есепшінің заңсыз әрекеттері әшкере болды. Олар 2021 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен 26,7 миллион теңгені қолды қылған.  

Тағы бір қылмыс әлеуметтік салада тіркелді. Екі жыл аралығында жұмыспен қамту бөлімінің мамандары 80 миллионнан астам теңгені жымқырған. Бұл қаражат мүгедектерді жеткізу қызметіне бөлінген. 

Екі жағдайда да ұрланған қаражат толығымен мемлекетке қайтарылып, істер сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары