$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көктем мен жаз айларында ауа райы қандай болады

Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық аумағынан келетін циклондардың әсерінен жауын-шашын мол жауады

Көктем мен жаз айларында ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер көктем мен жаз айларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәуір және мамыр айларында елдің көп бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1°жоғары болады деп күтілуде. Сәуір айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының көп бөлігінде нормадан жоғары, ал мамыр айында климаттық нормаға сай деп болжанады.

Көктемде ауа-райы құбылмалы болады. Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық аумағынан келетін циклондардың әсерінен жауын-шашын мол жауады, жаңбыр мен қара аралас жаңбыр күтіледі. Оңтүстік аймақтарда суық ауа массаларының ағынынан үсік жүруі мүмкін.

Маусым айында орташа ауа температурасы республиканың көп бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады деп болжанып отыр. Шілдеде, тамызда Қазақстанда орташа ауа температурасы нормаға сәйкес, тек тамызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында – нормадан 1°жоғары болады деп күтілуде. Маусым айында алдын ала болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз күтілсе, шілде және тамыз айларында көптеген облыстарда жауын – шашын мөлшері нормаға жақын және одан да артық деп болжанады. Шілдеде елдің оңтүстік – батысында және оңтүстігінде, тамызда – орталықта, оңтүстік, оңтүстік-шығыста жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады.

Серіктес жаңалықтары