$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Миллиардтық жобалар»: Сәтқалиев Екібастұз ЖЭО-ның жөнделіп жатқанын айтты

Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау жобасы да іске асырылуда, оның құны  - 666,5 млрд теңге

«Миллиардтық жобалар»: Сәтқалиев Екібастұз ЖЭО-ның жөнделіп жатқанын айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жиі апатқа ұшырайтын Екібастұз жылу электр станцияларын жөндеу жұмыстарына қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Екібастұз қаласында «Екібастұз ГРЭС-1 жаңғырту және реконструкциялау. Қуаты 500 МВт болатын №1  блокты қалпына келтіру» жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның құны қосылған құн салығынсыз 169,2 млрд теңгені құрайды. Жобаны осы жылдың  қараша айында аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ «№3 энергоблокты орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау» жобасы да іске асырылуда, оның құны  - 666,5 млрд теңге. Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланған», - деді Сәтқалиев. 

Екібастұз ГРЭС жобаларын іске асыру жалпы қуатты 1,1 гигаватқа арттырады.

«Екібастұз қаласында ГРЭС-1 және ГРЭС-2 жұмыс істейді, олар Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік және оңтүстік аймақтарының негізгі энергия көздері болып табылады. Екібастұз қаласы – еліміздің энергетикалық орталығы, онда Қазақстанның жалпы өндірісінің 40 пайыздан астамы өндіріледі. Бұл кәсіпорындарда 2,9 мың адам жұмыс істейді», - деді министр.

Ол сондай-ақ басқа да моноқалалардағы жылу электр орталықтарын жаңарту жоспарланып отырғанын айтты.

«Степногорск, Риддер, Теміртау, Шахтинск, Рудный, Екібастұз, Кентау қалаларында 28 қазандық пен 11 турбинаны жөндеу және реконструкциялау жоспарда бар», - деді Сәтқалиев.

Серіктес жаңалықтары