$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Хайнань еркін сауда портының халықаралық әлеуеті қандай болмақ

2025 жылы жеңілдетілген жүйе енгізілмек

Хайнань еркін сауда портының халықаралық әлеуеті қандай болмақ
Фото: Azattyq Ruhy

Хайнань университетінің профессоры Джонг Лянку Хайнань еркін сауда портының халықаралық әлеуеті жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Хайнань-Қытайдағы ең ірі арнайы экономикалық аймақ. 2018 жылғы сәуірде Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті Хайнань аралында еркін сауда пилоттық аймағының құрылысын бастау шешімін қолдады. Сондай-ақ Хайнаньда қытайлық ерекшелігі бар еркін сауда портының дамуын біртіндеп зерттеуге және тұрақты ілгерілетуге, еркін сауда портының саясаты мен институционалдық жүйесін кезең-кезеңмен және дәйекті негізде құруға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады»,- дейді ол.

Оның айтуынша, еркін сауда порты қазіргі әлемдегі ашықтықтың ең жоғары деңгейіне ие. 

«Хайнаньда еркін сауда портын құру Қытайдың ашықтықты жоғары деңгейде зерттеуге және ілгерілетуге бағытталған стратегиялық таңдауын білдіреді. Бұл Қытайдың ашықтық күш-жігерін алға жылжытуға деген табандылығы мен сенімділігін көрсетеді»,- деді профессор. 

Хайнань порты еркін және ыңғайлы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жаңа батыс құрлық және теңіз дәлізінің халықаралық кеме торабының құрылысына жәрдемдеседі. 

«Сауда порты әуе кеңістігін пайдалану ережелерін және ұшу бағыттары мен авиация құқықтарына шектеулерді одан әрі жеңілдетіп, бостандық құқығын ашуды ынталандыру және отандық және шетелдік әуе кемелерін өткізу қабілетін ұлғайтуға ынталандыру қажет. Деректердің реттелген және қауіпсіз ағынын іске асыру контекстінде: коммуникациялық ресурстар мен бизнестің ашықтығын жүйелі түрде кеңейту, интернеттегі деректермен халықаралық алмасу мүмкіндіктерін зерделеу және цифрлық экономиканың дамуына белсенді жәрдемдесу қажет»,- дейді ол. 

Джонг Лянку атағандай, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті салық саясатын жүргізу импорттық тауарларға «нөлдік тариф» саясатын жүйелі түрде ілгерілету, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы мен жеке тұлғалардың табысына салынатын салық саясатын біртіндеп жетілдіру қажет. 

«Қазіргі уақытта Хайнань еркін сауда портында тіркелген кәсіпорындары үшін корпоративтік табыс салығы 15 % төмендетілген мөлшерлеме бойынша алынады. Хайнаньнның еркін сауда портында жұмыс істейтін жоғары деңгейлі және тапшы мамандар 15% - дан асатын жеке табыс салығын төлеуден босатылады»,- дейді ол.

Джонг Лянку трансшекаралық капитал ағындарына жәрдемдесу саласында инвестициялар мен қаржыландыру неғұрлым реттелген саясатты қабылдау мен Хайнань еркін сауда портында қаржы секторын ашу саясатын инновациялық іске асыру шұғыл қажеттілік  екенін атады.

«2025 жылы портта сауда мен инвестициялар рәсімдерін тұрақтандыруға және жеңілдетуге баса назар аудара отырып, еркін сауда портына арналған Саясат жүйесі алдын ала құрылады»,- деді ол. 

Серіктес жаңалықтары