$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.03.2024, 00:06
Қоғам

БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде

Қала, аудандарда су тасқынына қарсы құрылған штаб тәулік бойы жұмыс істейді

БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ауа райының қолайсыздығы, толассыз жауған жаңбырдың салдарынан БҚО-да 70 үй тұрғын үйге тасқын су кірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстанда жауын-шашынның айлық көрсеткіші 25 мм болса, 26-27 наурыз күндері бір тәулікте облысымыздың кей аймақтарында 40 мм-ге дейін мөлшерде жауған жаңбыр салдарынан Орал қаласында, аудандарда су тасқыны орын алды.

БҚО-дағы Тасқала және Шижің-2 ауылдарының маңынан өтетін Деркөл және Шижің-2 өзендерінің суы көтеріліп, қауіпті межеден де асып түсті.

«Аталған өзеннің нормалық көрсеткіші 520 см болса, бүгінде өзен суы қауіпті меже 534 см-ге көтерілді. Шижің-2 ауылында шекті мөлшер 780 см деп белгіленген, бірақ жауын-шашын мөлшерінен 814 см-ге жеткен. Сонымен қатар, облыс көлемінде 19 авто көлік жолдарының 26 учаскесінде жолды су шаю немесе ағын судың жол үстіне шығу фактілері тіркелді. Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында қардың қарқынды еруі және жаңбыр түріндегі жауын-шашынның салдарынан Жақсыбай өзенінің сағасы көтеріліп, 80 жеке тұрғын үй су астында қалды. Шамамен 300-400-ге жуық адам Қоржын ауылының ауылдық мектебіне көшірілді. Бұл жерге арнайы техникалар мен мамандар жіберілді», - делінген хабарламада.

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің айтуынша өңірде су тасқынына қарсы күрес күшейтілген режимде жалғасуда. Қала, аудандарда су тасқынына қарсы құрылған штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары