Азия экономикасының өсу қарқыны 4,5 пайызды құрайды
Форум 3 күнге созылады
Азия әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, экономикалық өсу мен аймақтық интеграцияның тұрақты қарқынын сақтап келеді. Бұл туралы Боаодағы Азия форумының жыл сайынғы есебінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2024 жылы тұтынудың жоғары деңгейі мен белсенді фискалдық саясаттың арқасында Азия экономикасының өсу қарқыны шамамен 4,5 пайызды құрайды.
Мұндай болжамды форумның бас хатшысы Ли Баодун айтты.
«Биылғы жыл сайынғы конференцияның тақырыбы «Азия және әлем: жалпы сын-қатерлер мен жауапкершілік». Бүгінгі әлем алдында тұрған қиындықтар күрделі және әртүрлі. Осы мәселелерді бірлесіп шешу, бірлесіп жауапкершілікті өз мойнына алу, ынтымақтастықты нығайту арқылы ғана халықаралық қауымдастық бейбітшілік пен өркендеу жолына түсе алады»,- деді Боаодағы Азиялық форумның Бас хатшысы Ли Баодун.
Жыл сайынғы есепте Азияда аймақтық интеграция белсенді түрде жалғасып жатқаны айтылды.
Биылғы кездесуге 60-тан астам ел мен аймақтан 2000 өкіл қатысады, бұл оқиғаны мыңнан астам баспасөз өкілдері жариялайды. Форумнан ақпарат таратуға Бейжіңнен халықаралық журналистер де келді.