$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде алимент төлемеген әкелерден 111 млн теңге өндірілген

Жыл басынан бері сот орындаушылар 112 балаға проблемалық алимент өндіріп берді

Ақтөбеде алимент төлемеген әкелерден 111 млн теңге өндірілген
Фото: freepik

Қалада алименттік топтың ішіне 15 жеке сот орындаушы кіреді, олар күн сайын әділеттілікті орнату үшін жұмыс істеп, нәтижесінде балалар тиісті ақшасын алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жалпы өндірілген алимент құны 111,5 млн теңгені құрады. Сот орындаушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтерге шығып, жұмыспен қамту орталығымен бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізеді. Бүгінде қала бойынша 127 борышкер жұмысқа орналасса, сот шешімін орындамағаны үшін 92 адам әкімшілік жазаға тартылған. 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Әділет министрінің жұмыспен қамту органдары мен сот орындаушыларының өзара іс-қимылы туралы бірлескен бұйрығы қолданып келеді», - деп хабарлайды жеке сот орындаушылары республикалық палатасының баспасөз қызметі.

Борышкерлерге бос жұмыс орындары ресми түрде ұсынылады. Уәкілетті органда әртүрлі лауазымдар бойынша бос орындар туралы барлық ақпарат бар. Ал жұмыстан негізсіз бас тартқаны үшін борышкерлер алдымен әкімшілік жауапкершілікке, ал сот орындаушының талабын орындамаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Серіктес жаңалықтары