$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астананың өзінде жедел жәрдем 4 сағатта әрең келді – депутат

Бүгінгі күні ел көлемінде 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жетіспейді

Астананың өзінде жедел жәрдем 4 сағатта әрең келді – депутат
Фото: Әсет Құндақбаев

Мәжілістегі медицина саласын талқылауға арналған жиында «AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Жанарбек Әшімжан елдегі жедел жәрдем қызметі сапасының сын көтермейтінін айтты. 

Ол Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға сұрақ қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Елдегі медициналық жедел жәрдем қызметінің деңгейі төмен болып тұр. Өңірлер тұрмақ, қаланың өзінде нашар. Үш күн бұрын 90-ға келіп қалған апамыздың денсаулығына байланысты жедел-жәрдем шақырдық. Медицина қызметкерлері Астана қаласының өзінде 4 сағатта әрең келді. Ешқандай шаруа шешілмегендіктен апамызды ауруханаға өзіміз жеткіздік. Сізге нақты басымнан өткен жағдайды айтып отырмын. Сіздіңше, жедел жәрдем қызметіне реформа қажет емес пе?», - деді депутат.

Өз кезегінде министр қалада мұндай мәселе туындамауы тиіс екенін айтты.

«10 мың халыққа шаққанда 1 жедел жәрдем бригадасы болуы керек. Бүгінгі күні бүкіл Қазақстан бойынша 300-ге жуық бригада жетіспейді. Сонымен қатар, халықтың өсіміне байланысты жыл сайын 20-25 бригада жылына қатарға қосылып тұруы керек. Сіз айтқан мәселеге байланысты тағы зерттеулер жүргізейік. Дәл қаланың өзінде мұндай мәселе болмауы тиіс»,- деді министр.

Серіктес жаңалықтары