$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда заңсыз жүрген 121 шетелдік азамат елден шығарылды

Республика аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Қазақстанда заңсыз жүрген 121 шетелдік азамат елден шығарылды
Фото: Polisia.kz

Қазақстанда заңсыз жүрген 121 шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республика аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бес күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңнан астам дерегі анықталды.

  •  елде болу ережелерін бұзғаны үшін 4475 шетелдік;
  •  заңсыз жұмыс істегені үшін 2118 шетелдік;
  •  613 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін;
  •  2624 жеке және заңды тұлға өздерімен бірге жүрген шетелдіктер туралы полицияға дер кезінде хабар бермегені үшін жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар қос азаматтықтың 9 фактісі анықталды, шетелдіктерге елде тұруға берілген 113 ықтиярхат күшін жойды.

Көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 850 сот шешімі шығарылды. 121 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды. Барлық депортацияланғандарға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Іздеуде жүрген 37 шетелдік ұсталды», - деп жазылған хабарьламада.

Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға шақырылған шетелдік азаматтардың елден уақытылы кетуін ұйымдастыру қажеттігін еске салады.

Серіктес жаңалықтары