18.03.2024, 08:22
Қоғам
Рудный мектептеріне шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр
Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
Фото: freepik.com
Рудный мектептеріне шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Рудный қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз адамдар қылмыс дайындап жатқандығы туралы жалған ақпарат таратылды. Бұл дерек полицияда тіркелген. Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде», - делінген ПД ақпаратында.
Сонымен қатар, полиция азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, хабарламаның қайта бағытталуына жол бермеуін және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті