Алматының әрбір үшінші тұрғыны қан айналымы жүйесінің ауруларына ұшыраған – ДСБ
Қаланың кардиологиялық орталығында жыл сайын 500 адамның жүрегіне күрделі ота жасалады

Алматының әрбір үшінші тұрғыны ауру. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қала тұрғындарының жартысына жуығы қан айналымы жүйесінің ауруларына ұшыраған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жүрек ауруына ұшыраған адамдарды емдеу үшін дәрігерлер миниинвазивті торакоскопиялық оталар жасамақ. Бұл жүрек хирургиясына жаңа көзқарас, тың тәсіл саналады. Жүрекке хирургиялық араласудың жаңа озық технологиясы - миниинвазивті торакоскопиялық ота Қалалық кардиологиялық орталығында жасалмақ.
«Осы инновациялық әдісті енгізе отырып, біз енді атривентрикулярлық клапандарда (митральды, аорталық) реконструктивті, клапанды сақтайтын отаны, сондай-ақ клапандарды протездеуді жасай аламыз. Бүгін біз митральды қақпақшаның пролапсы бар 32 жастағы науқасқа ота жасадық, оған бейнеторакоскопиялық қолдаудың көмегімен митральды қақпақшаның миниинвазивті пластикасы жасалды», - деді кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Мүсірепов.
Ота Новосибирск қаласынан келген тәжірибелі кардиохирург, м.ғ.к. Алексей Пивкинмен өткізілген мастер класс аясында жүргізілді.
Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының директоры Роза Қуанышбекованың айтуынша, Орталықта жыл сайын жүрекке 500-ге жуық ота жасалады.
«Қалалық кардиологиялық орталық миниинвазивті торакоскопиялық отаны белсенді түрде енгізіп келеді және ота барысын барынша арттыруға ұмтылады. Минималды инвазивті кардиохирургиялық ота хирургиядағы революциялық серпілістің бір түрі. Себебі ол дәстүрлі отаға балама болып табылады. Бұл тәсіл пациенттерді жылдам оңалтуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар косметикалық нәтиже береді. Мұндай отадан өткен пациенттерде қалпына келу уақыты азая түседі және отадан кейінгі асқыну қаупіне байланысты қалыпты өмірге тезірек оралады, өйткені кеуде мүшелеріне дәстүрлі араласу үлкен кесуді, кең қолжетімдікті қажет етеді, бұл пациент үшін ауыр жарақатқа әкеледі. Біздің мақсатымыз - пациенттерге жүрек ауруын емдеудің озық әдісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және оларға мүмкіндігінше тезірек толыққанды өмірге оралуға көмектесу», - деді Роза Қуанышбекова.
Бұл сүйек құрылымына зақым келтірместен омыртқа аралық ота жасауға мүмкіндік беретін жүрек ауруын хирургиялық емдеудің ең жақсы әдісінің бірі. Аталған әдіс асқыну қаупін айтарлықтай азайтады және пациенттерге қалпына келудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Бұл хирургиялық араласуды орындау кезінде Қалалық кардиологиялық орталықта әлемдегі жетекші өндірушілердің ең заманауи жабдығы қолданылады.
«Алматыда қан айналымы жүйесінің аурулары жиі кездеседі. Алматыдағы әрбір үшінші тұрғын осындай аурумен ауырады. Сондықтан Қалалық кардиологиялық орталық алматылық кардиохирургтарды емдеудің жаңа әдісіне үйрету үшін мастер кластар өткізу арқылы пациенттердің осы санатына көмек көрсету кезінде емдеудің ең заманауи әдістерін қолдануға тырысады», - деп хабарлады Алматы қалалық ДСБ баспасөз қызметі.