$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматының Барахолка базарына «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылатын болды

Такси жүргізушілері көлік кептелісін көбейтіп отыр

Алматының Барахолка базарына «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылатын болды
Фото: Әсет Құндақбаев

Алматының Барахолка базарында «Сергек» бақылау камераларының саны көбейетін болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осындай тапсырма берді. Тұрғындар Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады.

Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері елемейді.

«Биыл Алатау ауданында барлығы 37 «Сергек» камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыз айының соңына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын», - деді Ерболат Досаев.

Биылғы жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.

Ал қаладағы ақылы тұрақ орындарының саны 30 мыңға жететін болды. Ол қазіргі уақытта «Алматыпаркинг» компаниясы қалыптасу сатысында екенін атап өтті. Қаладағы тұрақ орындары өте өзекті мәселе. Қазір тұрақ аймақтарын кеңейту, бұрын жалға берілген жерлерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліліп жатыр.

«Көлік қаңқасының Шебер-жоспар аясында әкімдік концептуалды пайымдауды ұсынады. Ақылы тұрақ орындарының саны тек тарихи орталықты ғана емес, барлық аудандарды қоса алғанда, 30 мыңнан асады деп жоспарлануда. Осыдан кейін біз жеке операторлармен ынтымақтастықты талқылауға дайынбыз», - деді қала әкімі.

Серіктес жаңалықтары