Қазақстанда қылмыстық істер электронды форматта қаралмақ

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстанда қылмыстық істер электронды форматта қаралмақ
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қылмыстық процесті оңтайландыру және «бюрократиясыздандыру» үшін қылмыстық істі электронды форматта қарауға мүмкіндік берілмек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Түзетулердің бұл блогы қылмыстық істі әдепкі бойынша электронды форматта қарауға мүмкіндік береді. Ендігі кезде, қылмыстық процеске қатысушылардың пікірін ескеру қажет.

Сондай-ақ, қашықтықтан беттестіру және жауап алу мүмкіндігін енгізу жоспарлануда, өйткені бүгінгі күні тергеуші басқа аймақтардан да беттестіру үшін адамдардың келуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, қашықтықтан жауап алу және беттестіру субъектілерінің ауқымы кеңейіп жатыр. Осылайша, жәбірленуші және куәмен қоса, қорғалуға құқығы бар куә мен күдіктіге қатысты бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, аталған тергеу әрекеттерін жүргізуге болады», - деді Әділет министрі Азамат Есқараев.

Заң жобасында жәбірленушінің орналасқан жері бойынша – ақпараттық жүйе немесе Интернет желісі арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу мүмкіндігін енгізу де көзделген.

«Интернеттегі алаяқтықты тергеу барысында, қылмыстық құқық бұзушылық ашылмаған кезде, күдікті, куәгерлер анықталмаған, тек жәбірленуші ғана бар. Қылмыстың әшкереленуі және іс-әрекетін анықтау орны көбінесе жәбірленушінің тұрақты тұратын жерімен сәйкес келмейді.

Көрсетілген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнын айқындаудың неғұрлым ұтымды тәсілі жәбірленушінің орналасқан жері болады», - деді министр Мәжіліс отырысында.

Авторы: Айжан ТЕМІРХАН 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.