13.03.2024, 09:07
Қоғам
Қытай астық өндірісін ұлғайтуға мүдделі
Өндірістің сапалы дамуына ықпал ету қолға алынады
Фото: Azattyq Ruhy
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьер-министрі Ли Цян сейсенбіде мемлекеттік кеңестің отырысына төрағалық етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жиында ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және сапалы дамытуға жәрдемдесу бойынша бірнеше ұсыныс қаралып, мақұлданды.
Іс-шара барысында жоғары сапалы ауыл шаруашылығы алқаптарын құрудың және тұқым өсіру әдістерін жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, жоғары сапалы дамуды ілгерілету үшін стандарттарды көтеру ұсынылды.
«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қытай үшін аса маңызды», - деді Ли Цян.
Еске салсақ, екі сессия барысында Қытай үкіметінің 2024 жылғы жоспары белгілі болған еді.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады