$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы жер сілкінісі: қырғыз ғалымы болжам жасады

Оның айтуынша, біз қазір 2008 жылы басталған сейсмикалық белсенділіктің төртінші кезеңінде өмір сүріп жатырмыз

Алматыдағы жер сілкінісі: қырғыз ғалымы болжам жасады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қырғызстан сейсмология институтының директоры Қанатбек Әбдірахматов Тянь-Шань тауларындағы сейсмикалық кезеңдер туралы зерттеуін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол Facebook-те жариялаған жазбасында әлемде болып жатқан жер сілкіністерінің өзіндік кезеңдері бар екенін айтады.

«Жер сілкінісін зерттеу ғылымында сіздерге түсініксіз арнайы терминдер көп. Соны мен бірнеше қарапайым сөзбен түсіндіріп берейін. Планетамыздың әр аумағында болып жатқан жер сілкіністері өзіндік кезеңіне сай болып жатыр. Тянь-Шань тауларындағы сейсмикалық жағдай да соған байланысты», - деп жазды ғалым әлеуметтік желіде.

Суретте Тянь-Шань тауларының негізгі сейсмикалық кезеңдері көрсетілген

«Қырғызстанның ҰҒА Сейсмология институтында көп жылдар бойы жұмыс істеген ғалым, ғылым докторы, профессор марқұм Э. М. Мамыровтың дерегі бойынша, суретте ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басындағы Тянь-Шань тауларының негізгі сейсмикалық кезеңдері көрсетілген. Көріп отырғаныңыздай, кезеңдер әртүрлі түстермен боялған. Қызыл түспен қатты жер сілкінісі болған кезеңдер, жасыл түспен тыныш кезеңдер көрсетілген. Тыныш кезең жер сілкінісі мүлдем болмаған дегенді білдірмейді. Жер сілкінді, бірақ күші 5-6 баллдан аспаған. Оң жақта, тік осьте жер сілкінісінің магнитудасы көрсетілген (жер сілкінісінің күшімен шатастыруға болмайды!)», - деп түсіндірді Қанатбек Әбдірахматов.

Оның айтуынша, біз қазір 2008 жылы басталып, 2026 жылы аяқталатын сейсмикалық белсенділіктің төртінші кезеңінде өмір сүріп жатырмыз.

«Бірақ, Э. М. Мамыровтың есептеулері бойынша осы белсенді кезеңдегі жер сілкіністерінің күші 5-6 балдан аспауы керек еді. Бүгінгі күнге дейін бұл болжамдар дәл келді. Біздің күткенімізден асып түскен жалғыз оқиға 2024 жылғы 23 ақпандағы Қытай жер сілкінісі болатын», - деп қорытындылады қырғыз ғалымы.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 23 қаңтарда және 4 наурызда Алматыда күші бес балдық жер сілкінісі болды.

Аударған: Айжан ТЕМІРХАН 

Серіктес жаңалықтары