Бейжіңде халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы аяқталды

Аягөз Құрмаш

Сессия 7 күнге созылды

 

Бейжіңде халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы аяқталды
Фото: Azattyq Ruhy

Бейжіңдегі Халық жиналысы үйі ғимаратында Мемлекетік XIV Халық Құрылтайының екінші сессиясының салтанатты түрде жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Жиынға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин және басқа партиялық және мемлекеттік басшылар қатысты.

Отырысқа Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Леджи төрағалық етті.

«Екі сессияның күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралып бітті. Депутаттар сессия аясында аз еңбек етпеді. Барлық қажетті баяндамаларды, резолюциялар мен қарарларды қарады. Биыл ҚХР-ның құрылғанына 75 жыл толады. Сондықтан биыл маңызды істерді атқару аса маңызды. Қытай социализмін дамыта отыра жаңа дәуірге қытайлық нақышпен аяқ басу қажет», - деді Леджи.

Ол депутаттарды ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің айналасына жұмылып, жаңғырған социалистік мемлекет құруға шақырды.

Сессияда дипломатия, экономика және әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді. Депутатар 7 мыңға жуық кеңес ұсынған. Олардың ішінде цифрлық экономиканы дамыту, өнеркәсіптік күшті тезірек арттыру мәселелері бар.

Екі сессия барысында елдің барлық аудандарынан келген депутаттар Бейжіңге үкіметтің өткен жыл бойынша жұмысы, Қытайдың 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспары мен бюджеті туралы мәлімдемесін, Жоғарғы халықтық соты мен Жоғарғы халықтық прокуратурасының есептері тыңдалды.

Қытай депутаттары 14-ші шақырылымдағы халық өкілдері жиналысының 2-ші сессиясы аясында 298 заңнамалық ұсыныс жасады.

Депутаттар Үкіметтің жұмысы туралы баяндама бойынша қарар жобасына, ҚХР Мемлекеттік кеңесін ұйымдастыру туралы заңға түзетулер жобасына, 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын және 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын орындау жөніндегі қарар жобасына дауыс беріп қабылдады.

2023 жылға арналған орталық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі және орталық және жергілікті бюджеттер жөніндегі қарар жобасына дауыс берді.

Екі сессия жұмысына ҚКП-ның өңірлердегі депутаттары жиналды. Оның ішінде ұлттық нақыштағы киімдерді арнайы киіп паш еткендер де болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.