$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде интернет алаяқтық 10 есеге өсті

Биыл қаңтарда 1871 интернет-алаяқтық тіркелді 

Елімізде интернет алаяқтық 10 есеге өсті
Фото: freepik.com

Кейінгі 7 жылда Қазақстанда жасалған интернет алаяқтық 10 есеге артқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Цифрлық қызметтердің дамуы жағдайында киберқылмыстың өсуі байқалады, оның негізгі үлесін интернет-алаяқтық құрайды.

«Оларды іске асыру қарқынын, оның ішінде банк секторында және онлайн саудада есепке алсақ, интернетте жасалған алаяқтықтардың саны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні барлық дерлік елдер, соның ішінде ақпараттық технологиялар саласында дамыған елдер де қылмыстың бұл түрінен зардап шегуде. Соңғы 7 жылда Қазақстанда олардың саны 10-нан астам есеге өсті. Бұл ретте 2023 жылы аталған қылмыс барлық алаяқтық қылмыстың 50%-ын құрап, азаматтарға 21 млрд.теңге залал келтірген»,- деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев.

Биыл қаңтарда 1871 интернет-алаяқтық тіркелді, бұл өткен жылғы қылмыстың көрсеткішінен 16,8%-ға жоғары.

Айдос Рысбаев  Ішкі істер министрлігінің қылмыстың осы түріне қарсы шаралар жүргізетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары