01.03.2024, 19:59
Қоғам
Атырауда есірткі фитолабораториясы жойылды
Тексеру барысында салмағы 1 келіден астам 68 түп қарасора тәркіленді
Видеодан алынған кадр/Polisia.kz
Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинология қызметі орталығының өкілдері бірлесіп үйінде қарасора өсірген 51 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өсімдікке жылу беретін жарық құрылғылары мен суару жүйелерін орнатып, құнарлы топырақ пайдалана отырып есірткі фитозертханасын жабдықтаған.
Тексеру барысында салмағы 1 келіден астам 68 түп қарасора тәркіленді.
Қазіргі таңда құрамында есiрткi заттары бар тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды