Ақылы жолдардың тарифі өзгереді – Көлік министрі

Azattyq Rýhy

Министр тарифтің пайыздық тұрғыдан көтерілетінін айтты

Ақылы жолдардың тарифі өзгереді – Көлік министрі
Фото: Тұрар Қазанғапов

Көлік министрі Марат Қарабаев Сенат кулуарында ақылы жолдардың бағасы күрт өспесе де, біртіндеп өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Биыл негізгі транзиттік дәліздер аяқталады. Оның ұзындығы – 2 091 шақырым. Сондықтан тағы 1 800 шақырым жаңа учаскеде ақы алу жүйесі енгізіледі. Екіншіден, тарифті арттыруға келсек, иә, сөзсіз қарастырамыз. Себебі 2013 жылдан бері тариф 11 жыл бойы өзгерген жоқ. Өткен жылы 20 пайызға қымбаттады. Біздің тарифті көрші елмен салыстырсаңыздар, Қазақстанда 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде 7 теңге. Сіздер салық төлеушілердің емес, «ҚазАвтоЖолдың» бюджеті есебінен болғанын қалайсыздар ғой. Онда бір ғана жолы бар, ол – ақылы жолдар тарифін көтеру», - деді М. Қарабаев.  

Министр тарифтің пайыздық тұрғыдан көтерілетінін айтты.

«Мамандар 1100 бірлік техника сатып алудан бөлек, жолдарды күтіп ұстауға қанша қаражат қажет болатынын есептеуі керек. Біраз қор көбейіп, шығындарымыздың қай бөлігі жабылады, соған қарай біз жариялаймыз», - деді ведомство басшысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.