15.02.2024, 19:51
Қоғам
Дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды жариялаған Қызылорда тұрғыны ұсталды
Оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды
Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды әлеуметтік желіде қауымдастық ашып, жариялаған деструктивті діни ағымды ұстанатын 62 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Қызылорда қаласы мамандандырылған сотының 2024 жылғы 18 қаңтардағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды