13.02.2024, 23:53
Қоғам
Алматыда жеке үйлердің бірінде үй иесі ыстан уланып көз жұмды
Оқиға орнына жеке құрамның 2 қызметкері және 1 бірлік техника шықты
Алматыда жеке үйлердің бірінде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығына байланысты үй иесі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала ақпарат бойынша үй иесі ыстан уланып қайтыс болған.
«Сағат 19.50-де Медеу ауданындағы Көктөбе 2 шағын ауданы Монтажник көшесі 25 мекен жайында орналасқан үйде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығына байланысты ыстан 1960 ж.т. үй иесі қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жеке құрамның 2 қызметкері және 1 бірлік техника шықты.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
