13.02.2024, 13:54
Қоғам
Павлодарда тәрбиеші ерекше баланы ұрған
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды
Фото ашық дереккөзден
Павлодарда тәрбиеші ерекше баланы ұрған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Балаларды түзету орталықтарының бірінде қызметкер балаға дөрекілік көрсетіп отырған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып кетті. Автордың айтуынша, қатыгездік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды.
Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидованың сөзінше, мекеменің тәрбиешісіне қатысты ҚР ҚК-нің 140-бап (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша іс қозғалды. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды