$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында мектеп бухгалтері 90 млн теңге бюджет қаржысын ұрлаған

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы қылмыстық іс қозғады

Алматы облысында мектеп бухгалтері 90 млн теңге бюджет қаржысын ұрлаған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Талғар ауданындағы мектептердің бірінде бухгалтер қызметкерлердің жалақысының үстінен ақша ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысының прокуратурасы анықтағандай, құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлер мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған.

Алдын ала келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасып жатыр.

«Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды», - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 млн теңгеден астам шығынды өтеген.

Серіктес жаңалықтары