$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бізге ондай ақпарат қажет емес»: Аймағамбетов Үкімет өкілдерінің баяндамаларын сынады

Ол жалаң ақпарат депутаттарда бар екенін айтты 

«Бізге ондай ақпарат қажет емес»: Аймағамбетов Үкімет өкілдерінің баяндамаларын сынады
Фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Комитеттің кеңейтілген отырысында Үкіметтің баяндамаларын сынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін жоспар бойынша өте маңызды әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл маңызды мәселесі қарастырылады. Бүгін баяндама жасайтындардың баяндамаларын қарап шықтық. Көбіне нақты, жүйелі проблемаларға тоқталу, сараптама деген жоқ. Жалпы бір тиісті тізімдер бойынша ақпарат беріледі. Бізге ондай ақпарат қажет емес. Ол ақпаратты біз БАҚ-тан алып жатырмыз. Нақты кейстер, мына адам отырғызылды, мына адам жауапкершілікке тартылды деген ақпарат бізде бар. Бізге бүгін жүйелі проблемалар мен шешімдер қажет», - деді ол. 

Депутаттың айтуынша, нақты кейстер мен тәуекелдерге ғана тоқталмай, жүйелі мәселелерге тоқталу керек. 

Дөңгелек үстелге министрлердің орынбасарлары қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары