$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында әкімдік қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырған

Прокуратура бюджет қаражатын жымқыруды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр

Жетісу облысында әкімдік қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырған
Фото: gov.kz

Жетісу облысында аудандық әкімдіктің қызметкерлері мемлекеттің қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық білім бөлімінің есепшісі мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысын жоғарылатып заңсыз төлеген. Сондай-ақ бұл ұйымда мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға 34 миллион теңге аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

«Тағы бір жағдайда Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 миллион теңгеден астам ақша төлеген», - деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы

Осы фактілер бойынша Жетісу облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (ерекше ірі көлемдегі жымқыру ) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Бұл баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп ескерті ведомствоның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары