Атырауда жыл басынан бері күйеуінен зәбір көрген 15 адам дағдарыс орталығына орналастырылды
Оның ішінде 11-і бала
Жыл басынан бері Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 399 хабарлама келіп түскен. 2024 жылдың басынан 20 адамға арналған дағдарыс орталығына 15 адам қабылданған. Оның ішінде 4-еуі әйел болса, 11-і бала, деп хабарлайды Azattyq Ruhy AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Ал ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге» сәйкес, 272 тұлға жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек 1 ай мерзімге қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғалар саны 290-ды құраса, соның ішінде қорғау нұсқамасын бұзу дерегі бойынша 1 ай ішінде өзінің агрессиялық мінез-құлқын көрсеткен 19 адам ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабына сәйкес жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК 669-бабы, 2-тармағы «Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу» бойынша 36 әкімшілік хаттама жасақталды.
Одан бөлек, сотпен ерекше талаптар 78 адамға қойылса, мәжбүрлеп емдеу мекемесіне үшеуі жолданды.