$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жұмысқа өте ыңғайлы»: ҚТЖ автопаркін жаңарту үшін 400-ге жуық көлік сатып алды

Жаңа техникалар ҚХР тапсырыспен алынған

«Жұмысқа өте ыңғайлы»: ҚТЖ автопаркін жаңарту үшін 400-ге жуық көлік сатып алды
Фото: Әсет Құндақбаев

Қазақстан темір жолының жұмысшылары жол азабынан құтылатын болды. Ұлттық компания қызметкерлері заманауи және жайлы техникамен жұмыс істемек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  агенттігі. 

ҚТЖ басшылары автопаркті жаңалауды былтыр бастаған. Әртүрлі үлгідегі жаңа автомобильдерді сатып алу компанияны дамытудың негізгі бағыттарының біріне жатады. Автопарк жүк көліктерімен,   жолаушы автомобильдерімен, автобустар және жолсыз жерлермен жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналармен толығып жатыр. Жаңа көліктер темір жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші монтерлер, байланысшылар, энергетиктерге берілді. Ұлттық компанияның Алматы аумағы бойынша жұмыс істейтін мамандардың  айтуынша, автопарктегі техника көп жыл бойы жаңартылмаған. Жиі істен шыққан ескі көліктерді мінуге тура келген. Енді ондай ауыр күндер артта қалды дейді жаңа машинаның руліне отырған жұмысшылар. 

«Біз бұрын «Уазиктермен» баратынбыз. Қазіргі уақытта ҚТЖ-ға жаңа техника келіп жатыр екен.  Сипаттама бойынша машина өте жақсы: 4WD, сыйымдылығы-7 адам, 4 төмен, 4 жоғары жылдамдықтағы қозғалтқышы бар. Сондай-ақ, климаттық бақылау, алдыңғы және артқы камералары бар. Қызметкерлер үшін бұл өте ыңғайлы машина. Басқа машиналармен салыстырғанда кез келген жолда жақсы жүреді», – деді жүргізуші Серік Сәрсенбаев.

Бұл машиналар енді бөлімшелерге жеткізіліп, қажетті құрал-саймандарды, жұмысшыларды тасиды. Жаңа, жылдам жүретін автокөлік шойын жол бойындағы апатты жылдам жойып, жолаушылар мен жүк тасымалының  жылдамдығына да әсер етпек. Жаңа техниканы ҚТЖ  «ардагерлері» да жоғары бағалады.

«Менің жалпы жұмыс өтілім 16 жылдан астам. Осы жылдар ішінде біз өндірісте жұмыс істедік, бізде автопарк жаңартылған жоқ. Сондықтан магистральдық желілер дирекциясы бастамаларының бірі – «өтімділігі жоғары автомобильдерді сатып алу», - деді «ҚТЖ» ҰК» «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» Алматы сигнализациясы және байланыс дистанциясының бас инженері Берік Ахмиев.

Оның айтуынша осы уақытқа дейін 384 көлік сатып алынды.

Бүгінге дейін Қытай Халық Республикасынан 40 машина келді. Қалған техника  ақпан айының соңына дейін толықтай жеткізілмек. 

«Бұл автомобильдер заманауи модификациямен, трафикпен, жайлылықпен ерекшеленеді. Мұнда жолаушы қызметкерлерге, сондай-ақ жүргізушілерге барлық жағдай жасалған. Көліктерде пневматикалық орындықтар бар, автомобиль климаттық бақылаумен жабдықталған. Артқы жағындағы құралдар үшін бүйірлік тақта бар, көліктің жүк көтергіштігі де жақсы. Бұл машина біздің өндірісімізге, адамдар мен құралдарды тасымалдауға өте қолайлы деп санаймыз», - деді Берік Ахмиев.

ҚТЖ қызметкерлерінің жалақысында да өзгерістер болды. Өткен жылы ол 20% - ға көтерілді. Бүгінгі таңда компанияның өндірістік персоналының орташа жалақысы республикалық деңгейден 26% - ға асып түсті. Ұлттық компания басшыларының  мақсаты - өз қызметкерлерінің жайлы жұмыс істеуі үшін жағдай жасау.

Заманауи және ыңғайлы техника теміржолшылардың онсыз да күрделі жұмысын едәуір жеңілдетуге арналған. Жалпы ұлттық компания түрлі үлгідегі 384 автокөлік сатып алса,  оның ішінде 92  жүк, 142 жүк- жолаушылар, 62 автобус, 88 жол талғамайтын машиналар бар.

Серіктес жаңалықтары