«Жағдай тұрақты»:ТЖМ азаматтарға дүрбелеңге түспеуге шақырды
Сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеді, оның 11-і сезілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қыземтіне сілтеме жасап.
Сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне байланысты.
Бірте-бірте сейсмикалық белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады.
«Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, көлік және өндірістік объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Жағдай тұрақты. Азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береміз. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыздар», - делінген хабарламада.