$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2024, 14:31
Қоғам

Былтыр Астанаға 74 мың адам көшіп келді – Ертаев

Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға өсті

Былтыр Астанаға 74 мың адам көшіп келді – Ертаев

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елде көші-қон қалай жүріп жатқаны жайлы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«10 жылда алғашқы рет 2023 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады. 2023 жылғы 1 желтоқсанда көші-қон сальдосы +8,3 мың адамды құрады. Елге 23 мың адам келіп, 15 мың адам кетті. Елдер бөлінісінде көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытай Халық Республикасына тиесілі. Білім деңгейі бойынша да оң сальдо байқалады, елге білімді адамдар көбірек келген. Сонымен қатар, өткен жылдың 9 айында мамандықтар бойынша оң сальдо белгіленді, техникалық мамандықтар бойынша +986 адамды, экономикалық мамандықтар бойынша +585 адамды, заң бойынша +222 адамды, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша +100-ден астам адамды құрады», – деді спикер.

Ол ішкі көші-қон көрсеткіштерінде де өсім бар екенін айтты.

«Ішкі көші-қонда да еңбек ұтқырлығындағы белсенділіктің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға өсті. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ішкі көші-қонға 733 мың адам қатысты. Оның ішінде, облыстар арасында 338 мың адам қоныс аударған. Мегаполистер ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қала береді», - деді ол.

Мәселен, Астана қаласына тұрақты тұруға 74 мыңнан астам адам, Алматы қаласына 67 мың адам, Шымкент қаласына 30 мың адам келді. Астана қаласы келушілер саны бойынша басқа мегаполистерден алда тұр.

Серіктес жаңалықтары