Динара Шүкіжанова Мәжілістен өз еркімен кетті
Бүгін қаулы қабылданды
Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica фракциясының мүшесі Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берген. Мәжілістің жалпы отырысында қаулы қабылданды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«ҚР Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы ҚР Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.А. Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Мәжіліске енгізілді», - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.
Өз кезегінде Динара Шүкіжанова Мәжіліс депутаты ретінде алған тәжірибесі ұшан-теңіз екенін айтты.
«Мен осы бағыттағы жұмысымды жалғастырамын. Себебі Respublica партиясының тең төрағасы ретінде қызметімді атқарамын», - деді ол.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ