Тина Канделаки енді Қазақстанға кірмейді – СІМ

Аягөз Құрмаш

Айбек Смадияров ресейлік тележүргізушінің әрекетіне қатысты СІМ ресми жауап қайтармайтынын айтты

Тина Канделаки енді Қазақстанға кірмейді – СІМ
Фото: Maksim Konstantinov/Global Look Press

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки енді Қазақстанға кірмейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ресми өкіл елімізге қарсы пікір айтқандарға мемлекет керек кезде шара қабылдайтынын атап өтті.

«Сізге біреу ұнамаса, үйлеріңізге кіргізбейсіздер. Бұл да сол сияқты. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол (Тина Канделаки - автор) Қазақстанға келе қоймас, ал келсе кірмейді», - деді Айбек Смадияров.

Ол ресейлік тележүргізушінің әрекетіне қатысты СІМ ресми жауап қайтармайтынын айтты.

«Қоғам өзі жауап берді ғой. Қызу талқы болды. Оған не қосайын? Өз есесін алды ғой. Біздің ел туралы айта берген әрбір шетел азаматына жауап бере берсек, өзімізді ұмытып қаламыз. Қаншама ішкі мәселеміз бар, соған көңіл бөлейік», - деді ресми өкіл.

Еске салайық, ресейлік танымал тележүргізуші Қазақстанда орыс тілінің ықпалы мен аясы таралып жатыр деп дабыл қаққан еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.